
СТИГМАҒА ЖОЛ ЖОҚ!
Стигма — бұл туберкулезбен ауыратын адамға қатысты жағымсыз пікірлер немесе көзқарастар. Стигма — “таңба” деген мағынаны білдіретін көне грек сөзі. Стигматизацияның негізі – қоғамдық пікір мен оның стереотиптері. Қоғамда туберкулез ауруы және оның толық емделетіндігі туралы ақпарат көздерінің жоқтығынан стигматизация жалғасуда. Стигматизацияға науқастың өзі ғана емес, оның отбасы мүшелері де ұшырайды, сондықтан туберкулез жұқтырған адамдар бастапқыда ауруын жасыруға мәжбүр болады. Нәтижесінде туберкулезге шалдыққын адамдар тек стигматизацияға ғана емес, кемсітушілік зардабын да шегеді. Бұл өз кезегінде науқастың медициналық көмекке кеш жүгініп, уақтылы ем бастамауына әкеліп соқтырады және инфекцияның басқаларға жұғу қаупін арттырады. Туберкулез — толық жазылатын ауру! Егер науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінсе, ол стационарға сол мезетте жатып, емін тегін бастап кетеді. Туберкулез – қауіпті және ауа тамшы арқылы жұғатын жұқпалы сырқаттардың бірі, онымен кез келген адам ауырып қалу қаупі бар. Қоғамдағы адамдардың ешқайсысының жеке меншік ауасы жоқ. Сол себепті де қоғам болып стигма және кемсітушілікпен күресіп, туберкулезбен ауыратын адамдарға қолдау көрсетуіміз керек және біздің көмегімізге мұқтаж адамдарға мейірім мен түсіністікпен қарауды үйренейік.