Новости

image
image
02 Декабрь 2021

Дүниежүзілік денсаулық күні

Жыл сайын, 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні (World Health Day) атап өтіледі. Бұл күн 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (World Health Organization, WHO) құрылған күніне орай таңдалды. 1950 жылдан бастап жыл сайын денсаулық күнін өткізу дәстүрге айналды.
Дүниежүзілік денсаулық күні планетаның денсаулығы алдында тұрған жаһандық мәселелерге арналған. Жыл сайын белгілі бір тақырып таңдалады.
2022 жылы Дүниежүзілік денсаулық күнінің тақырыбы: «Біздің планетамыз, біздің денсаулығымыз».
Денсаулық-бұл әр адамның және бүкіл қоғамның баға жетпес байлығы. Өз денсаулығына қамқорлық жасау, салауатты өмір салтын ұстану және жүйелі диспансерлеу-әрбір адамның салауатты өмірі мен белсенді ұзақ өмір сүруінің іргетасы!
Біз жақын адамдармен кездесу және қоштасу кезінде әрқашан оларға жақсы денсаулық тілейміз, өйткені бұл толық және бақытты өмірдің басты шарты. Медикер МО Сіздерге зор денсаулық пен амандық тілейді! Медикер – сіздерге деген қамқорлықпен!